Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биткойн рекорд орнатты. Оның бағамы 3500 долларды құрады

Биткойн рекорд орнатты. Оның бағамы 3500 долларды құрады

Нью-Йорк. 9 тамыз. 7kun.kz - 8 тамыз күні биткойн тағы да рекорд жаңартты. Сауда барысында оның құны 3500 доллардан асты. Ал криптовалютаның капитализациясы 60 млрд долларға жуықтады.

Дегенмен, 9 тамызда биткойн арзандап келеді. CoinDesk мәліметінше, оның құны 3425 долларға түсті. Соңғы 12 айда биткойн 485 пайызға қымбаттаған. Басқа сандық валюталардың құны болса жоғарылап келеді. Coinmarketcap.com деректеріне сүйенсек, соңғы 24 сағатта эфирмен жасалған сауда көлемі (Ethereum) 12,6 пайызға қымбаттап, 306,5 долларға дейін өсті.

Жалпы криптовалюта нарығы 2017 жылдың сәуірінен бастап 4 есе көтерілім, 125 млрд долларға жеткен.

Похожие материалы