Биыл Алматыда 32 ескі үй сүріледі. Бұл туралы қала әкімдігінде хабарлады.
Үйлер жеке инвестициялар есебінен бұзылатын болады. 32 үйде 278 пәтер бар.
Әкімдік хабарлауынша, 2021-2025 жылдары 6,6 мың пәтерлі 708 ескі ғимарат сүріліп, орнына 34,6 мың пәтерлі 683 үй салу жоспарлануда. Жалпы ауданы 2 млн ш. м-ден асады.
Бүгінгі таңда Алматыда 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары қоғам белсенділерімен бірге жүргізілуде.
2025 жылға дейін қандай үйлерді бұзу жоспарланғанын хабарлаған болатын:
Бірінші бағыт шеңберінде (2021-2025 жылдар кезеңінде) жалпы көлемі 112,2 мың ш. м 280 үйді (2,6 мың пәтер) сүру жоспарлануда. Бұл ғимараттар Түрксіб (124 үй), Жетісу (30 үй), Алмалы (38 үй), Әуезов (41 үй), Бостандық (38 үй) және Медеу (9 үй) аудандарында орналасқан.
Екінші бағыт барысында апатты жағдайдағы үйлерді сүру және тұрғындарды көшіру, сондай-ақ, санитарлық және су қорғау аймақтарындағы қызыл желілерде жүзеге асырылуда. Алмалы (55 үй), Бостандық (31 үй), Жетісу (28 үй), Медеу (18 үй), Түрксіб (72 үй), Алатау (34 үй) және Наурызбай (12 үй) аудандарындағы ауданы 102,8 мың шаршы м барлығы 250 үй (2,6 мың пәтер).
Үшінші бағыт аясында Алмалы (52 үй), Бостандық (100 үй), Медеу (екі үй) және Түрксіб (24 үй) аудандарында ауданы 564,5 мың ш. м 178 үй (1,4 мың пәтер) сүріледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024