Геосаяси тәуекелдердің іске асуы және АҚШ Федералды Резерв Жүйесінің монетарлық саясатын күшейту әлемдік қор индекстерін түзетуге әкелді. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов хабарлады.
Наурыздың соңына қарай дамыған елдер акцияларының индексі (MSCI World) 5,5%-ға төмендеп, АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі 2,34%-ға дейін 83 базистік тармаққа өсті.
«Инфляциялық қысымның өсуіне байланысты Федералды Резерв Жүйесі 2018 жылғы желтоқсаннан бастап алғаш рет негізгі ставканы 25 базистік тармаққа көтерді. Сонымен қатар осы жылы негізгі ставка 1,9%-ға дейін 7 рет көтерілуі күтілуде, келесі жылы 2,8%-ға дейін 4 рет көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ Федералды Резерв Жүйесі жақын арада өз балансын қысқарта бастайды», – деді Ұлттық Банк төрағасы.
АҚШ долларының индексі дамыған елдердің валюталарына қарсы 2,8%-ға нығайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024