Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биыл «Нұрлы жер» аясында 50 млрд теңгелік тұрғын үй жобасына кепілдік береді

Биыл «Нұрлы жер» аясында 50 млрд теңгелік тұрғын үй жобасына кепілдік береді

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры бар.  Қордың жалғыз акционері - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.  Мақсаты - тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуына қолдау көрсету.  Ар жағында халықтың баспаналы болуына мемлекеттің қолдау білдіру мақсаты тұр.  

ТҚКБ  үш тараптың: үй алуға ынталы үлескер-қаржыландырушы банк – тұрғын үйді салушы құрылыс компаниясының қызығушылықтарын  тең сақтандырады. Мәселен, құрылысшыда форс-мажор туындаса, үлескерге кепілдігі аясында тұрғын үйді өз қаражатына салып бітіреді. Банкке – үлескердің кредитін сақтандырып, үлескер деволттықжағдайға тап болғанда банкке қаражатты қайтарады. Тұрғын үйді салушыға үлескерлердің қаражатын алуға мүмкіндік беріп, құрылысты қаржыландыру құнын төмендетіп, салына бастаған  үйді сатуға мүмкіндік береді. Бұл үш тарапқа да ыңғайлы. Үлескер үйсіз, қаражатсыз қаламын деп қорықпайды. Банк рискті ойламаса да болады. Ал құрылысшы жобаға қаржы тартып, іргетасы қаланған сәттен-ақ пәтерді  сата алады.

Осы қор биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында 50 миллиард теңгелік тұрғын үй құрылысы жобасына кепілдік бермек. Қазір өңірлердегі  40 тұрғын үйді салушылармен жұмыс жүргізілуде. Айта кетейік, қор 2018 жылы Алматы, Астана, Шымкент, Орал қалаларында 56,4 млрд теңгеге 16  тұрғын үйге кепілдік берген.  Мұның арқасында шамамен  4 200 отбасы пәтерлі болды.

«2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 40 миллиард теңгеге кепілдік беру жоспарланған. Оны асырып орындап, 56,4 млрд теңгелік жобаға кепілдік бердік», - деді бізге берген сұхбатында ТҚКБ басқарма төрағасы Данияр Жұмашев.

Оның айтуынша қордың жарғылық капиталы жалпы құны 200 млрд теңгені құрайтын жобаларға кепілдік береді.

Қор құрылыс сапасын да қатаң бақылайды. Демек «Нұрлы жер» аясында қолданысқа берілген тұрғын үй сапасы да жақсы деуге негіз бар.  

Айта кетейік, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы 2017-2031 жылдарға арналған. Оның аясында 15 жыл ішінде 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салынады. Қазақстандықтардың баспана мәселесін шешуге бағытталған бағдарлама аясында қазақстандықтар жер телімдерін де ала-алады. Жыл сайын 100 мың қазақстандық қоныс тойын тойлайды.

Похожие материалы