Алматы. 9 шілде. 7kun.kz – 2019 жылы 54 мыңға жуық грант берілетін болады. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Сонымен қатар, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 5 мың қосымша грант бөлінеді.
2019 жылдың бірінші тоқсанында жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемі 77,2 млрд теңгені құрады. Қызметтердің ең үлкен көлемі Алматы қаласына (37,4%), сондай-ақ Нұр-Сұлтанға (ҚР-ның 24,7%-ы) келеді. Қызметтің тағы 6,2%-ы Қарағанды облысының оқу орындарына, ал 5,2%-ы — еліміздің үшінші маңызды мегаполисі Шымкентке тиесілі.
Білім министрі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019/2020 оқу жылына ҚР Үкіметі көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша 5 мың грант бөлінетінін хабарлады. Гранттар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бөлінеді. Негізгі шарт: ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ұлттық жоғары оқу орындарына — 65 балдан кем емес, «педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша — 60 балдан кем емес, басқа жоғары оқу орындарына — 50 балдан кем емес жинаған талапкерлер болуы тиіс.
Асхат Аймағамбетов алдымен гранттардың жалпы бөлінуі өтетінін айтты. Биыл 53,7 мың грант берілетін болады. Шамамен 1 тамызда грант иегерлерінің аты-жөні белгілі болады. Содан кейін грант алмаған, бірақ азаматтардың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар өз өтініштерін бере алады. Қосымша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 5 тамыздан 10 тамызға дейін жүзеге асырылады. Тағайындау — 25 тамызға дейін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024