Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеу және күтуге 77 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 7kun.kz сауалына жауапхатта хабарлады.
Биыл республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеуге және күтуге 77 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта орташа жөндеумен 1 620 км жол қамтылды, оның ішінде 490 км кедір бетті өңдеу технологиясын қолдану арқылы жасалған. Сондай-ақ, 6 демалыс алаңын абаттандыру, 17 су өткізу құбырларын жөндеу және 52 км жол бойына жарық орнату жоспарланып отыр.
Жыл соңына дейін Денисовка-Қарабұтақ - 40 шақырым, Кеген-Жалаңаш-Саты - 35 шақырым және Ақсу-Курчатов - 24 шақырым автожолдары пайдалануға беріледі.
«Қарақоға, Ауыл, Уба, Жаңа жол, Сырым өткелдерінің 5 шекаралық бекеттері күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, ұзындығы 509 км болатын 17 учаскеге, 13 автожол көпіріне және жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне, Әлімбет, Бидайық, Қызылжар өтетін 3 шекаралық бекетке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жолдаған жауапта.
Ведомствоның ақпаратынша, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның жазбаша рұқсаты қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024