Шымкент қаласында биыл 43 тұрғын үйдің (кредиттік – 7, жас отбасыларға – 2, арендалық – 34) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бүгінге дейін облыс орталығында 10 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылды. Ағымдағы жылдың қорытындысымен 38 көпқабатты үй пайдалануға берілмек. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұдан бөлек, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ тарапынан әкімшілік-іскерлік орталығында бой түзеген 1080 пәтерлі 15 тұрғын үйге баспана кезегінде тұрған азаматтар қоныстануда. Қазіргі таңда облыс орталығында үй кезегінде тұрған азаматтар саны 18 мыңнан асты. Жергілікті билік тұрғындардың баспанаға деген мұқтаждығын шешу бағытында жоспарланған жұмыстарды кезең-кезеңімен атқаруда.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024