Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бизнес және бизнесмендер туралы 7 фильм

Бизнес және бизнесмендер туралы 7 фильм

Адам көп жағдайда табысын арттыру, ешкімнен тәуелді болмау үшін кәсіпкерлікпен айналыса бастайды. Алайда бизнес құру жолына түскендердің аз ғана үлесі табысқа жететіні дәлелденген. Себебі бұл соқпақ қиындыққа толы: әкімшіліктермен, мемлекеттік органдармен арадағы шиеленістер, жауапсыз серіктестер, мәңгі бәсеке, тәуекел, бұған жеке өмірдегі дау-дамайлар келіп қосылуы мүмкін. 7kun.kz сайты іскерліктің осындай ащы да тұщы тұстарын ашып көрсететін бизнес, бизнесмендер туралы 7 фильмді назарларыңызға ұсынады.

Азамат Кейн (Citizen Kane, Гражданин Кейн)

Сонау 1941 жылы түсірілген Орсон Уэллстің осы тамаша туындасы әлі күнге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Фильм сюжетінің өзегі - газет магнаты Чарльз Фостер Кейннің тағдыры. Кейн қауіпке толы талай істерді қолға алған, абсолютті билікті аңсап, байыған сайын байи түскісі келген. Тек өмірінің соңында ғана бас кейіпкер барлық осы қарбаластың мәнісі туралы, өзінің жалғыздығы мен қуанышсыз тіршілігі туралы ойларға батады. Осы кейіпкердің Уильям Рэндолф Херст атты шын өмірдегі прототипі болған деседі. Қазірден бастап бизнес пен қарапайым өмірдің ара-жігін ажыратуды үйрену үшін бұл фильмді міндетті түрде қарау керек. Себебі махаббат пен достық ешқашан ұмыт қалмауы тиіс.

Силикон алабының қарақшылары (Pirates of Silicon Valley, Пираты Силиконовой долины)

kinopoisk.ru-Pirates-of-Silicon-Valley-1373784 1999 жылы түсірілген бұл телевизиялық деректі туындының бас тақырыбы - Apple және Microsoft компанияларының негізін қалаған Стив Джобс пен Билл Гейтстің алғашқы қадамдары мен қарқынды дамуы. Фильм осы екі бизнес-магнаттың өмірлері мен іскерлік қызметтерін, әлемге әйгілі технологиялық орталықтың қалай жұмыс істеп бастағанын баян етеді. Олар сол кезде өзгелер үшін ақылға қонымсыз болған жобалар бір кездері дүние жүзіне әйгілі болады деп армандайды. Бірнеше жыл өткен соң бұл армандары шындыққа айналады. Осы фильм арқылы жас кәсіпкерлер өздеріне үлгі тұтар тұлғаларды таба алады.

Миллиардер. Топтың құпиясы (Top Secret: Wai Roon Pun Lan, Тинейджер на миллиард)

kinopoisk.ru Өмірде болған оқиғаға негізделген фильм ұлты тай Топ есімді жасөспірімнің кәсіпкерлік жолын баяндайды. Үлкендер оған сабағыңды оқы дейді, бірақ оған сабақ емес, бизнес маңыздырақ. Ол белшесінен қарызға батып, жағымсыз жағдайларға тап болады. Бірақ осының бәріне мойымай, табысқа жетіп, миллиондап ақша табады. Жас болғанымен, тәжірибелі, ересек адам секілді әрекет етеді. Істерін әділ жүргізіп, ақылмен өлшеп, сенімді қадамдар жасайды. Бұл оқиғаның тәрбиелік маңызы - кез келген күрделі жағдайдан шығатын жол іздесең, міндетті түрде табысқа қол жеткізесің.

Гленгарри Глен Росс (Glengarry Glen Ross)

1241 1992 жылы экранға түсірілген Дэвид Маметтің пьесасы. Чикагодағы жылжымайтын мүлікті сататын саудагерлер туралы оқиғаның негізінде іскерлік әлемнің қатаңдығы мен қатыгездігін көрсетеді. Осы адамдардың пайдаға кенелу үшін әрқашан алдауға, сатып кетуге, арамдық жасауға дайын тұруы үрей ұялатады. Бұл фильмді осындай жағдайларға даяр болу үшін қарау қажет және бұл кино кез келген әрекет өзіңе айналып келетінін түсіндіреді. Бүгін сен біреуге опасыздық жасасаң, ертең сені біреу жаншып тастайды. Мұны әр кәсіпкер есінен шығармауы тиіс.

Мистер Селфридж (Mr Selfridge)

71ccim4adOL._AA1500_-600x413 "Клиенттің айтқаны әрқашан дұрыс"  деген қанатты сөзді ең алғаш айтқан дәл осы кісі - Гарри Гордон Селфридж. Осы сөзін ол 20 ғасырда айтқан және сол кезден бері Selfridges дүкендері адамдарға қызмет көрсетіп келеді. Бұл телехикая шынымен болған оқиға, жібермей көруді ұсынамыз - бұл сауда этикасының және ғасырлық бизнесті ұйымдастырудың шынайы мектебі. Көрген адам үш онжылдыққа ұласқан - 1909-1939 жылдар аралығындағы революционер-бизнесменнің жеңістері мен жеңілістеріне куә болады.

Темекі шеккеніңіз үшін рахмет (Thank You for Smoking, Здесь курят)

РПП Фильмнің бас кейіпкері Ник Нейлордың алдында күрделі міндет тұр. Оған темекіге қатысты елдің ойын жақсартып, оң көзқарас тудыру керек. Оған қоғамдық пікір, статистика және әлеуметтің зиян қылықты ұнатпаутыны кедергі болады. Бірақ Ник  барлық қарсыластарына төтеп береді, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс істейді. Бұл темекі шегудің пайдалылығы туралы фильм деп ойлап қалмаңыз. Олай емес. Бұл сендіру қабілеті кез келген көзқарасқа нандыруды мүмкін ететінін, тіпті осылайша ақша табуға болатынын түсіндіретін туынды.

Уолл-стрит (The Wall Street)

ОР Фильмнің бас кейіпкері Гордон Гекко - жағымсыз кейіпкер. Ол өзін-өзі танытып, жеңіл ақшаға қол жеткізу үшін сатып кетуге, ұрлауға, заңнан және кез келген моральдық принциптардан аттап өтуге әзір. Оның сүйікті сөзі: "Сараңдық - жақсы нәрсе". Жас брокер Бад Фокс та Гекконы пір тұтып, сол секілді іс жүргізіп бастайды. Гекконікіндей байлық пен табысты аңсайды. Бұл фильмді қарау қажет пе? Әрине, себебі әрбір жан өмірде қандай жағдай болмасын, жабайы айуанға айналмай, адам болып қалуы тиіс.   Дайындаған Алмас Өтебай "7"

Похожие материалы