Blockchain технологиясы жылжымайтын мүліктің кепіл шартын онлайн тіркеуге мүмкіндік берді
Шымкент. 27 сәуір. 7kun.kz – Бұл мүмкіндікті 11 мыңнан аса Қазақстандық пайдаланған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Себебі Blockchain технологиясының арқасында процесс автоматтандырылды. Ол үшін 3 минут уақыт бөлсеңіз жетеді, деп хабарлайды 7kun.kz
Енді клиенттер жылжымайтын мүлікінің тіркелгенін растайтын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға бармай, мемлекеттік қызметтің нәтижесіне egov.kz порталындағы жеке кабинетінен ала алады.
Бұл пилоттық жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткен жылдың шілде айында екінші деңгейлі банктермен бірлесіп («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, «Отбасы банк» АҚ) іске қосқан болатын.
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар кепіл шарттарды мемлекеттік тіркеуге 11 515 өтініш берген. Оның ішінде «Отбасы банкі» арқылы - 6429, «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы - 2629, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ арқылы – 2457 өтініш қабылданған.
Айта кетейік, азаматтарға арналған үкімет egov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлік бойынша тағы 9 қызметті онлайн алуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024