Bloomberg экономикалық агенттігі 2016 жылғы ең үздік валютаның атын атады.
Агенттік сарапшылары анықтағандай, ең тиімді валюта ретінде Орталық Африкада орналасқан Замбия мемлекетінің "квачасы" танылды. Басылым өкілдерінің сөзінше, квача өсім қарқыны бойынша әлемдік 150 валютаның арасында бірінші орынға шыққан. Жыл басынан бері Замбияның ұлттық валютасы долларға қатысты 19,9%-ға өскен.
Мұндай өсім мыс бағасының жоғарылауына байланысты болған. Сондай-ақ, биылғы жылы экономистер валюта алдағы уақытта тағы бірнеше пайызға өседі деп болжап отыр. Дегенмен 2015 жылы замбиялық валюта 42%-ға арзандап, ең нашар валюталардың үштігіне енген.
Айта кетейік, Замбия мемлекеті мыс өндірісі бойынша Африка елдері арасында екінші орынға ие.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024