Boeing компаниясы құрамы 99,99% ауадан тұратын әлемдегі ең жеңіл материалды таныстырды. Материалға микролаттис деген атау берілген. Бұл туралы HRL зертханасының зерттеушісі София Янг айтты деп хабарлайды pronedra.ru .
Материал сүйек құрылысына ұқсайтын ұялы құрылыммен ерекшеленеді әрі үш бөлімді полимерден тұрады. Оның сыртқы бөлігіндегі метал өте қатты болса, ішкі бөлігі - қуыс. "Микролаттисті сындыру оңай емес, онымен қоса салмағы рекордтық деңгейде төмен",- деп атап өтті С. Янг. Жаңа материал ең алдымен ғарыш саласы мен әуе өнеркәсібінде пайдаланылмақ. Янгтың айтуы бойынша, микролаттиспен құрастырылған ұшақтардың салмағы әлдеқайда жеңіл болмақ және отын мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік береді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024