Bank of America Merrill Lynch (BofAML) сарапшылары Қазақстан экономикасы рецессияға жақын және теңге девальвацияны қажет етеді дейді. Бұл туралы BofAML жаһандық шолуында айтылған.
"Біз Қазақстан рецессияға жақын және ары қарайғы экономика дамуын жүзеге асыру үшін девальвация жасауы керек деген қорытындыға келдік", - делінген шолуда.
BofAML ел үкіметі теңге құнсызданып, инвестицияларды ақша өтімділігіне көшіру үшін ынталандыру жолдарын ұсына алады деп санайды.
"Мемлекеттің көмегіне қарамастан экономика өте тұрақсыз жағдайда қалып отыр және рецессияға жақындауы әбден мүмкін. Рейтингтер мен сыртқы қарыз қысым көруде", - дейді BofAML сарапшылары.
Банк теңге құнының жасанды жолмен көтеріліп отырылғаны туралы әлемдік сарапшылардың пікірімен келіседі және әлемдік нарықтағы жағдайдың күрт қиындап кетуіне, мұнай мен рубль бағасының түсуіне байланысты қазақстандық валюта құны 20-30%-ға дейін өзгеруі мүмкін деп күтеді.
"Үкімет пен банк секторындағы көптеген сарапшылар теңгенің құнсыздануына қарсы болып отыр. Теңге өткен жылы девальвацияға ұшыраған болатын. Оның үстіне жылдың басындағы Ресейден келетін импорттың күрт азаюы қазақстандық есеп баласын тұрақтандырып, девальвацияға деген қажеттілікті жоққа шығарды. Яғни, әлеуметтік күрделі мәселелерден қашып құтылу үшін девальвацияны бірте-бірте жүргізуге болады", - деп жазылған шолуда.
BofAML сарапшылары сәуір айында өтетін президент сайлауы мен мамыр айының басындағы инаугурация валюта саясатына қатысты үлкен өзгерістердің басы болуы мүмкін деп болжап отыр.