Экономика
Болашақта call-орталық операторлары, маркетологтар мен менеджерлер қажет болмай қалады
Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - big-data технологиясы дамып, болашақта call-орталық операторларының орнын роботтар басады деп мәлімдейді Oracle компаниясының бөлім жетекшісі Нина Путинцева.
«big data технологиясы өте қарқынды дамып жатыр. Тез дамыған сайын жоғары деңгейге көтеріліп отыр. Соның себебінен call-орталық операторлары қажет болмай қалады деп ойлаймын", - дейді Нина Путинцева.
Қазіргі ең қажетті мамандықтар 2021 жылы жойылуы мүмкін. Мәселен жүйелерді автоматтандыруды ескерсек, инженер мамандығы маңызға ие болады. Бұл АТ-мамандары мен бағдарламашыларға қатысты емес.
"Технология дәрігерлер мен мұғалімдердің орнын басады. Қазірдің өзінде вебинар мен онлайн курстар көп. Мейрамхана ісі мен туризм саласындағы мамандықтар 10 жылда болмауы мүмкін. Еңбек нарығында есепшілер болмайды", - дейді ол.
Мамандар бұл өзгеріс 10-20 жылда бола қоймайтындығын айтады. Себебі ол уақытта процесс енді басталып жатады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024