Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Экс-президенттің інісі Болат Назарбаев «Алматы Стекло» зауытының бас директоры Әзім Абдуллаевты сотқа берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әуезов ауданының № 2 аудандық сотына Болат Назарбаевтан ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз түсті. «Сотқа дейінгі хаттаманы дайындаумен татуластыру рәсімі» 27 маусымға белгіленді.
Сәуір айының басында Абдуллаев 2006 жылы ашылған кәсіпорын кірісін Болат Назарбаевпен бөлісуге мәжбүр болғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, оған барлық бизнес нысандарынан ай сайын 300 мың доллар төлеп тұрған. Осылайша 15 жыл ішінде Абдуллаев Болат Назарбаевқа 60 миллион долларға жуық ақша аударған.
Ал зауыттың өзінде 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Зауыт жылына 100 миллион түрлі бөтелкелер мен консервілер шығарып, жылына 5 миллион долларға жуық табыс әкеледі.
15 сәуірде Антикор рейдерлік басып алу фактісі бойынша тергеуді бастағаны белгілі болды.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты рейдерлік әрекет бойынша арыз түскенін хабарлады. Құзырлы органдарға тиісті арызды Нұрша Кәкенов жазған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024