Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Болат Өтемұратов тағы да ең бай қазақстандық атанды

Болат Өтемұратов тағы да ең бай қазақстандық атанды

Америкалық Forbes журналы жыл сайынғы әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады. Аталған рейтингте қазақстандық 5 адам бар. Алайда бір жыл ішінде олардың рейтингі бірнеше сатыға төмендеген.

Ең ауқатты қазақстандықтардың көшін тағы да Болат Өтемұратов бастады. Forbes мәліметіне сәйкес, ол жалпы 2,3 млрд доллар қаржысымен әлемдік рейтингте  771 орынға тұрақтаған. Ал былтырғы жылы Б. Өтемұратов 2,6 млрд доллармен 714 орында болған.

Келесі орында Тимур және Динара Құлыбаевтар. Олар жаһандық тізімде 2 млрд доллармен 906 орында тұр. 2015 жылы 2,1 млрд доллар қаржысымен 894 орынды иеленген.

Ал ең бай қазақстандықтардың бестігін Әділжан Ибрагимов пен Владимир Ким аяқтады. Әрқайсының қаржысы 1,5 млрд долларды құрады (1198 орын). Ал былтырғы жылы Әділжан Ибрагимов 2,2 млрд доллар қаржысымен 847 орында болса, Владимир Ким 1,8 млрд долларен 1054 орында болған.

Әлемдік рейтингтің көшін 75 млрд доллар қаржысымен Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс бастап тұр. Сондай-ақ, алғашқы үштікке Inditex-тің негізін қалаушы (Zara, Pull & Bear және Massimo Dutti брендтері) Амансио Ортега (67 млрд доллар) пен Уоррен Баффет (60,8 млрд доллар) енді.

Әлемдік миллиардерлердің жалпы саны 1810 болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 адамға кем.

Похожие материалы