Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - Апта басы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты әлсіреуінен басталды. Америкалық валютаның орташа бағамы 335,81 теңгені құрады. Ал өткен аптада мұнай бағасының қымбаттауына байланысты теңге нығайған болатын. Алайда шикізаттың құны төмендеген күні теңге де әлсіздік танытты. Бұл туралы «Альпари» сарапшысы Анна Бодрова жазды.
«Мұнай бағасы маусымның кезекті аптасында төмендейді. Brent сортының баррелі 50,02 доллар (-1,0%) деңгейінде болады. Америкалық доллар әлемдік аренада қайтадан өз позициясын нығайтады. Бұл шикізат бағасына әсер етеді. Федералды резерв жүйесінің кезекті отырысының уақыты да жақындап қалды. Бұл да доллар курсына әсер ететін шығар. Сондықтан алдағы бес күндегі солтүстік теңіз мұнайдың болжалды бағасы 49,45-52,00 доллар болады», - деген мәліметтер келтіреді сарапшы.
Сондай-ақ, сарапшының сөзінше, осы аптада капитал нарығының дайындығына байланысты алтын құны қымбаттайды: апта басында бағалы металдың троя унциясы 1286 доллар болып, жыл соңына дейін 1400 доллар деңгейінде сақталады.
«Осы аптада валюталарға қатысты болжам бейтарап деуге болады. Шикізат нарығындағы жағдай сауда бағытына әсер етеді. АҚШ доллары осы аптада 332-337,0 теңге, еуро 376-380,50 теңге деңгейінде саудаланады», - дейді Анна Бодрова.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024