Экономика
Выбор редактора
Bonduelle компаниясы 2025 жылға қарай жылдық табысын 3,5 млрд еуроға жеткізбек
Француздық Bonduelle компаниясы 2025 жылға қарай жылдық айналымын 3,5 млрд еуроға дейін, 75%-ға көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Bonduelle бас директоры Кристоф Бондюэль мәлімдеді.
"Біз осы қаржылық жылды (2014-2015) 2 млрд еуродан артық табыспен аяқтағалы отырмыз. Бүгінде біз әлемнің басты аймақтарында бармыз. 10 жылдан кейін, жылдық айналымымызды 3,5 млрд еуроға дейін көтереміз", - деді К.Бондюэль. Компанияның дамуы, оның өндірістің қуаты мен шикізат базасын өсіру Еуропалық Одақтан тыс инвестициялар есебінен жүргізіледі. "Біздің өнімдеріміз Солтүстік Америкада (АҚШ пен Канадада) бар. Жақында ғана Оңтүстік Америкаға ендік. Ресейде бизнесімізді жандандырып жатырмыз. Бірақ, Африка мен Азия елдерінде жоқпыз", - дейді Bonduelle басшысы. Bonduelle компаниясы 1853 жылы Францияда құрылған. Бүгінде оған әлемнің түрлі елдерінде 58 өндірістік алаңдары мен аумағы 128 мың гектардан аса ауыл шаруашылық жерлері тиесілі. Серікстестік желісіне 4,5 мыңнан астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары кіреді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024