Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — Көші-қон процестерін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасында атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар адамдардың елден шығуын шектейтін норма бар. Құжат бүгін Мәжілісте таныстырылды.
"Атқарушылық өндіріс бойынша берешегі бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін нақты шетелге тұрақты тұруға шығуға шектеу қоюды көздейтін бірқатар толықтырулар ұсынылады", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов Мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында.
Оның айтуынша, алимент бойынша міндеттемелер туралы да мәселелер қарастырылды.
"Алименттік міндеттемелер немесе басқа да бірқатар мәселелер үнемі орын алад. Сондықтан, тұрақты тұруға шығатын санат үшін заң шеңберінде осындай шектеулерді тіркеу ұсынылады", - деп түйіндеді вице-министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024