Америкалық миллиардер Джордж Сорос босқындар мен мигиранттарға негізделген әлеуметтік стартап жобаға 500 млн доллар салуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол босқындар мен мигранттар үшін құрылған әлеуметтік маңызы бар бизнес жобаларға, стартаптарға инвестиция салатынын айтты. Ал жалпы әлемдегі босқындардың саны қанша? Олар неліктен өз жерлерінен кетіп жатыр? 7kun.kz шолып шықты.
Кеше Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясы кезекті жұмысы басталып, 193 елдің делегациясы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде босқындар мен мигранттар туралы Нью-Йорк декларациясын қабылдады.
"Бүгін қабылданған декларация іске асқанда көптеген балалар мектепке бару мүмкіндігіне ие болады. Еңбекке қабілетті көптеген адам ешкімнің көмегіне жүгінбей шетелден алаңсыз жұмыс іздейтін болады", - деді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун.
Ал БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеген Ирак азаматшасы, 23 жастағы босқын Надия Мурад босқындарға қолдау беретін шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі жайлы мәселе көтерді. Босқындар мәселесі мен қауіпсіздігін Надия Үшінші дүниежүзілік соғысқа теңеді.
Әлемдегі босқындар
unian.net агенттігінің ақпаратына сәйкес, әлемдегі босқындар мен мигранттар саны рекордтық деңгейге жетіп, шамамен 244 млн адамды құрады.
БҰҰ-ның мәлімдемесіне сәйкес, басқа бір елге мәжбүрлі түрде және өз еркімен кеткендер саны 2000 жылдан бері 71 млн адамға арқан.
БҰҰ-ның ақпаратына сәйкес, 20 млн босқын өз туған жерлерін мемлекеттегі қарулы қақтығыстарға байланысты тастап кетуге мәжбүр болған. Көбіне азаматтар Сирия Ауғанстан және Сомали елінен келіп жатқандар.
Жалпы мигранттардың 78 миллионы Еуропада, оның ішінде Германияда 12 миллионы, Ұлыбританияда 9 миллионы өмір сүріп жатыр. АҚШ-та 47 миллион босқын немесе мигрант, Сауд Арабиясында 10 миллионға жуық адам бар.
Сондай-ақ, БҰҰ Сириядағы азаматтық соғысқа байланысты адамдардың қиындаықтарын жеңілдету үшін 8 млрд доллар көлемінде қаржы бөлуді ұсынды. Бұдан бөлек, дүниежүзілік ұйым Сириядағы және осы елмен шекаралас Иордания, Ливан секілді елдердегі сириялық оқушыларды оқытуға 500 млн доллар бөлу керектігін айтты.
Босқындар қайда кетіп жатыр?
Босқындар көбіне Сириядан (100 мыңнан жоғары), Ауғанстаннан (60 мыңнан аса), Эритрея, Пәкістан, Нигерия және Африка және Косово елдерінен кетіп, Еуропа, оның ішінде Германия, Ұлыбритания жіне АҚШ сынды елдерге барады.
egemen.kz сайтының жазуынша, 2015 жылы Ауғанстанның бірқатар провинцияларынан 140 мыңнан астам тұрғын босқынға айналған. Ауғанстан Ислам Республикасы сыртқы істер министрі Салахуддин Раббани тұрғындардың жаппай босқынға айналуына соғыс салдарынан өршіген қауіп-қатердің және жұмыссыздықтың белең алуы себеп болып отырғандығын атап көрсетті.
Оның айтуынша, босқынға айналған ауғандықтардың барлығы дерлік Германияға жетуге тырысады. Алайда, кәрі құрлыққа жеткен босқындардың 43 пайызы ғана Еуропада қалу мүмкіндігіне ие болады. Ал қалғандары қайтадан кері қайтарылады екен. Себебі Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерінен Еуропаға ағылған босқындардың көптігінен Еуропа елдерінде қиындықтар туындай бастаған.
Сондай-ақ, соңғы уақытта Австрия, Венгрия және Германия шекарасы маңайында жүз мыңдаған босқындар шоғырланып қалған немес бұдан а көп болуы мүмкін. Тіпті Еуропалық комиссия Еуропалық одаққа қарасты 28 мемлекетке босқындар қабылдау квотасын бөлген еді. Алайда, Венгрия, Польша, Румыния, Словакия, Чехия және Балтық жағалауының мемлекеттері босқындар қабылдаудан бас тартты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024