Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы мәлімдеді.
2017 жылы мониторинг жұмыстарына сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады. 2016 жылғы көрсеткіш 5,3 пайызға сәйкес келген болатын.
Жұмыспен қамту орталығының ресми мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 3 183 адам жұмыссыздар қатарында (2016 жылы – 3 151 адам). Оның ішінде 1439 адам жұмысқа орналастырылды (2016 жылы – 1830 адам), 64 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (2016 жылы – 135 адам), 118 адам жастар іс-тәжірбиесіне (2016 жылы – 32 адам) жолданды. Қоғамдық жұмысқа 322 адам жіберілген болса (2016 жылы – 399 адам), 284 адам кәсіптік дайындау курсына жіберілді (2016 жылы – 155 адам).
Жұмыспен қамту орталығына жылдың басынан бастап 928 адам жұмыссыз ретінде тіркелді (2016 жылы – 913 адам).
2017 жылдың қаңтар – қазанында тұрмыс деңгейі төмен 738 адамға жалпы сомасы 4 292 470 теңгені құрайтын тұрғын-үй көмегі көрсетілді (2016 жылы – 1006 адам,7 695 041 теңге).
"2017 жылы қаңтар – қазанда орта айлық жалақы 218 176 теңгені құрады. 2016 жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға өскен (193 418)", - деді өз сөзінде Бостандық ауданының басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024