Ботагөз Жұмановаға қастандық жасаған күдікті 1993 жылы Жаркент қаласында туылған. Оны Алмалы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі.
«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес, күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдарымен Алматы қаласының ІІД айналысып жатыр. Қылмысқа қатысты барлық жағдайлар анықталады», - делінген ІІД-ның хабарламасында.
Еске салайық, 2015 жылдың 8 қазанында танымал журналист, әрі блогер Бота Жұманова соққыға жығылған еді. Журналистің достары бұл оқиға Ботаның журналистік қызметімен байланысты болуы мүмкін деген болжамдар айтып отыр. 10 қазан күні Алматы қаласыны Алмалы ауданының полиция бөлімі Қылмыстық Кодекстің 293 бөліміне сәйкес (бұзақылық), сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу амалдары ІІМ-нің арнайы бақылауына алынды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024