Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – Өңірде керамикалық бұйымдар өндірісі қолға алынбақ. Құны - 38 млн теңгеден астам. Қуаты - жылына 480 мың бірлік. Іске қосу 2020 жылға жоспарланған.
Ақтауда 9 миллиард теңгеге трансформаторлар мен кабельдерді өндіру бойынша жобаның басталуы кейінге қалдырылды. Бұл туралы «Ақтау ЭнергоМаш» ЖШС директоры Самир Расулов айтты. Компания басшысының айтуынша, жұмыс биылғы жылы басталуы тиіс болатын, алайды зауыт 2020 жылы іске қосылмақ.
Сондай-ақ, өңірде қалдықтарды термиялық кәдеге жарату бойынша зауыт салу жоспарлануда. Энергетика министрлігінде хабарлағандай, жобаны жүзеге асыру үшін сәуір айында «ОПО операторы», өңірлік әкімдік пен Hanki Industrial Co. Ltd арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Ақтөбе» индустриялық аймағында зауыт құрылысы 9,2 млрд теңгеге аяқталуда. Керамогранит өндірісін жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Жобаның қуаттылығы-жылына 5 млн шаршы метр керамогранит. Бірінші партия 2019 жылдың IV тоқсанында шығарылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, өңірде 202 млн теңгеге лифт жабдықтарын құрастыру жобасы жүзеге асырылуда. Кәсіпорынның қуаты – 300 лифтке дейін. Шығарылатын өнім ішкі нарыққа жеткізілетін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024