Бразилиядан сүйреткеннен гөрі Ресейден сатып алу оңай - Сұлтанов қант импорты туралы айтты
Нұр-Сұлтан. 23 маусым. 7kun.kz – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанға қант жеткізу логистикасын түсіндірді. Бұрын пандемия мен Украинадағы жағдайға дейін қанттың 70%-ы Ресейден әкелінетін. Бірақ кейін қант жеткізумен қиындықтар туындады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Нарықтағы жағдай бойынша, Бразилиядан қант әкелгеннен гөрі Ресейден 70% импорттаған арзан болды. Қазір шектеулер фактісімен бетпе-бет келіп отырмыз, сондықтан логистиканы өзгертуіміз керек», - деді Сұлтанов.
Бірақ Қазақстанда қант өндірісі әзірге жоспарланбаған. Ол үшін фермерлік шаруашылықтар қант қызылшасын үлкен көлемде өндіре бастауы қажет, ал бұл күрделі әрі ұзақ процесс.
Бұрын Қазақстан шикі қантты Ресейден сатып алып, содан кейін ғана қантты өз зауыттарында өндірген. Ресей экспортқа тыйым салған соң, қантты Бразилиядан сатып алуға тура келді. Бұл оның бағасына да әсер етті.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров Қазақстанда қант тапшылығы жоқ екенін сенімді түрде мәлімдеген болатын. Дегенмен ел бойынша қазақстандықтар арзан бағаға қант сатып алу үшін әлеуметтік дүкендерде ұзын-сонар кезекке тұруда.