Бразилияның уақытша үкіметі мемлекеттің сыртқы қарызын қалыпты сақтап, экономиканы тұрақтандыру үшін бюджет шығындарын 20 жылға шектеуі мүмкін. Бұл туралы Бразилияның қаржы министрі Энрике Мейреллес (Henrique Meirelles) Financial Times-қа берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның ойынша, бюджет шығындарын шектеу есепсіз кетіп жатқан мемлекет қаржысын қысқартуға мүмкіндік береді. "Осындай қатаң бюджет саясаты арқылы қаржылық көрсеткіштерді болжап отыруға болады", - дейді ол.
Бұдан бөлек, Бразилиядағы несие-дефолттық своптардың құны (бағалы қағаздар иесін қарызы бойынша дефолттан сақтандыратын қаржы құралы - ред. ) 345 базистік пунктқа дейін өскен. Қаржы министрінің сөзінше, нарықта сенім болса, мұндай көрсеткіш біраз төмендейді әрі Бразилияның мемлекеттік қарызының қалыпты деңгейге түсуіне және пайыздық мөлшерлемеге оң әсерін тигізеді. Министр жыл соңына дейін бюджет жоспары конгресс тарапынан мақұлданатынына сенімді.
Айта кетейік, 12 мамырда Бразилия Праламентінің жоғарғы палатасы Президент Дилма Руссеффке қарсы импичмент процесін бастауды ұсынды. Ал Президент міндетін вице-президент Мишел Темер атқаратын болды. Қаржы министрі ретінде Бразилияның Орталық банкінің бұрынғы басшысы Энрике Мейреллес тағайындалды.
2015 жылы Бразилияның 3,8%-ға қысқарып, мемлекеттік қарызы сәуір айында 67,5%-ға жетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024