Нұр-Сұлтан. 19 шілде. 7kun.kz – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылу себептеріне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелерімен таныстырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жыл басынан бері Қаражанбас аудандары мен Түпқараған түбегінің оңтүстік-батыс шетінен табылған итбалықтардың жалпы саны – 220.Олар Солтүстік және Орта Каспий суларынан соққан дауыл салдарынан жағаға шығарылған.
«Жұмыс тобы мынадай қорытындыға келді: табылған теңіз жануарларының өлекселері қатты ыдырау сатысында болғандықтан, ветеринариялық қызмет, ғылыми өндірістік орталық қызметкерлері мен жоғарыда аталған мамандардың қатысуына мүмкіндік болмады. Токсикологиялық, гистологиялық және вирусологиялық зерттеулер үшін тіндерді таңдауға мүмкіндік болмады. Нәтижесінде табылған итбалық өлекселерінің ыдырау дәрежесін ескерсек, теңіз жануарлары бірнеше ай бұрын өлгені анықталды», – деді Экология министрі.
Оның айтуынша, тек 67 итбалық өлексесінің денесіне сыртқы сараптама мен өлшем жүргізуге болады.
«Тексеру барысында шамамен 25% немесе 17 ит балықтың денесінде өлімге әкелген механикалық әсерлердің іздері бар екені анықталды. Механикалық әсерлердің себептері итбалықтардың балық аулау торларында жанама ұсталуы, оларды ажырату кезінде тірі немесе өлі итбалықтардың жарақаттануы, итбалықтардың тыйым салынған аулау құралдарына оралуы болуы мүмкін. Ілмектер - балық аулаудың жабайы тәсілі. Біздің елде мұндай балық аулауға тыйым салынған. Және кеме винттерінің астына түсу фактілері де бар. Тексерілген өлекселердің 19-ында ғана жас анықталды, оның 52% немесе 10 бас 2021-2022 жылғы қыста туылған күшіктер. Күшіктердің өлуі олардың шаршауымен, суға құлау салдарынан, тоңып қалуымен, жаңа туған итбалықтармен бірге мұзды ашық теңізге шығарумен түсіндіріледі. Сондықтан бұл фактілер итбалықтардың табиғи өліміне себеп болды. Жалпы, табылған ең үлкен итбалықтың жасы 13 жас», – деді министр.
Табылған итбалық мәйіттері тексеріліп, қажетті өлшемдер жүргізілгеннен кейін санитарлық нормаларды сақтай отырып жойылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024