Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz — Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстердің құны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:45-те бір баррель үшін 74,41 долларды құрады.
АҚШ-ның Иран мұнайын импорттаушыларға қойылатын талаптарды қатаңдату ниеті туралы жаңалықтар аясында шикізаттың әлемдік бағасы өсуде.
Қазіргі уақытта Қытай, Үндістан, Түркия, Греция, Оңтүстік Корея, Италия мен Жапония бұл мұнайды АҚШ-ның экономикалық шектеулеріне түспей сатып алады. Алайда, 2 мамырдан бастап жеңілдіктер жойылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, ОПЕК 2019 жылы қара алтынның негізгі жеткізушілері АҚШ, Бразилия, Ресей, Ұлыбритания, Австралия, Гана және Судан болады деп хабарлады. Ал Индонезияда, Вьетнамда, Қазақстанда, Мексикада, Норвегияда төмендейді. Өз кезегінде Қазақстан 2019 жылдың сәуірінде мұнай өндіруді тәулігіне 70 мың баррельге қысқартуы мүмкін.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024