
Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 24 қаңтар Мәскеу уақытымен сағат 8:25-тегі бағасы $0,24 (0,39%) төмендеп, барреліне $60,9 құрады, - деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында ақпандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,21 (0,4%) арзандап, барреліне $52,41 құрады.