Мұнай бағасы төмендеуін жалғастырды. Бейсенбідегі сауда барысында баға соңғы 6 жылдағы ең төменгі деңгейіне жетті. Бұған АҚШ-тағы отын көлемінің қоры туралы мәліметтің жариялануы себеп болған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайының қазан айындағы фьючерстерінің белгіленімі 0,26 долларға төмендеді. Қазіргі барреліне 47,90 доллар деген баға белгіленді. Ал Нью-Йорктың сауда биржасында (NYMEX) WTI мұнайының фьючерстер бағасы 0,55 пайызға дейін төмендеп, 40,55 долларға жетті. Осыған дейін мұнай бағасы 4 пайызға төмендеген еді. Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 2,62 млн баррельге дейін көтеріліп, 456,213 млн баррельге жетті. Бұл көрсеткіштің жоғарылауы орта есеппен америкалық мұнай қоры 820 мың баррельге қысқарады деген сарапшылары үшін күтпеген жағдай болды. Еске сала кетейік, мұнай бағасының төмендеуі дамушы, шикізат өндіруші елдердің экономикасы үшін қиын тиуде. Оның ішінде Қазақстан бар. Бүгін ҚР Ұлттық банкі теңгені еркін айналымға жіберіп, Үкімет ел экономикасы үшін қиын кезең басталғаны туралы мәлімдеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024