Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қыркүйектегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:20-дағы бағасы 0,25 долларға (0,35%) көтеріліп, барреліне $72,09 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 2 центке (0,03%) қысқарып, барреліне $68,04 құрады.