Ресей сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Сергей Рябков БРИКС елдері SWIFT-қа аналог болатын көпжақты төлем жүйесін құру туралы консультация бастағандарын мәлімдеді деп хабарлайды "Коммерсанть" басылымы.
"БРИКС елдерінің қаржы министрлері мен Орталық банктерінің басшылары барлық сұрақтар кешенін талқылап жатыр. Оның ішінде төлем жүйелерін ұйымдастыру және ұлттық валютаны есепке ала отырып үдеуші кезеңге көшу мәселелері бар. SWIFT немесе басқа жүйе болса да, толық еркіндікпен қамтамасыз ете алатын мүмкіндігінің бар екендігі қаралып жатыр. Төлем жүйелеріне заңды құқығы жүретін елдер тарапынан шешім қабылдағанда белгілі бір қауіптің төнбеуіне кепілдік берілетіндей болуы қажет"- деді ол "РИА Новостиге" берген сұхбатында.
Рябковтың сөзінше, "әзірге мұның барлығы бастапқы консультация кезеңінде тұр".
Осыған дейін ОБ төрағасының орынбасары Ольга Скоробогатова Ресей Банкі БРИКС аясында қаржылай ақпарат тасымалдаушы халықаралық SWIFT жүйесін құруды ұсынды деп мәлімдеген еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024