Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Британдық Metro басылымы Астана көшесіндегі қарасора туралы жазды

Британдық Metro басылымы Астана көшесіндегі қарасора туралы жазды

Британдық  Metro газетінде "Муниципалитет аңдаусызда гүлдің орнына қарасора егіп қойыпты" (Council ‘accidentally’ plants marijuana in city centre flowerbeds) деген атаумен мақала жазыпты. Ол жерде Астананың Әуезов көшесінің бойында гүл емес, қарасора өсіп шыққаны туралы айтылған.

Осы фактіге байланысты қалалық билік өкілдері тексеріс жүргізіп жатыр. "Жергілікті тұрғындар Әуезов көшесінің бойынан өзгеше бір иісті сезеді. Осылайша гүл егетін жерде қарасораның мың шақты түбінің өсіп тұрғанын көріп, билікке хабарлайды. Қазір қалалық кеңес қарасораның қателікпен егілгенін немесе әдейі жасалған іс екендігін анықтауда", - деп жазады британдық газеттің тілшісі.

Жергілікті тұрғындар алғашында полицияның нашақорларға жасаған айласы екен деп ойлаған. Мақалада "Астана ЖасылҚұрылыс" АҚ төрағасының пікірі де келтірілген. Оның айтуынша, егер өсімдік расымен қарасора болып шықса, дереу көзі жойылады. Және де көшеттердің жаңбырдан соң қаптап кетуі мүмкін деген нұсқа да қарастырылуда. Көшеттерді көрген тұрғындар суреттерін әлеуметтік желілерге таратады. Кейбірі қарасора емес, жәй ғана қалақай деген ойды да алға тартады.

Похожие материалы