ҰБТ-2015 өткізілген алғашқы күні ең жоғарғы 125 баллды Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының оқушысы Гүлназ Ердосова алды. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2 маусым күні ҰБТ 48 бөлімшеде өткізілді. Тестілеуге өтініш білдірген 19 743 түлектен 18 889 түлек қатысты (қатысу деңгейі 95,5%). 27 түлек тестілеу барысында шығарып жіберілген. "Бірінші күнінде 3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 83 калькулятор, үш фотоаппарат, бес рация, 12 модем мен роутер тартып алынды. Тыйым салынған заттардың жалпы саны - 7 725. Отраша балл - 79,7. Межелі 50 баллды 3 478 (18,4) түлек жинай алмады. Жүз баллдан асқан түлектер саны 3 409 (18,1 пайыз). Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылардың орнына бөгде адамдар кірген. Олардың нәтижелері күшін жойды", - дейді министрлік өкілдері. Орнына өзге адам кірген оқушылардың саны - 18. "Ағымдағы жылы Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлері ақшаға жоғары балл алып беруді уәде еткен қала тұрғындарын анықтады. Өз қызметтері үшін олар 2500-3000 доллар көлемінде ақша алған", - дейді Алматы қалалық ҰҚКД тергеу басқармасы төрағасының орынбасары Қайыржан Қамзаев. 2015 жылғы ҰБТ туралы мына жерден толығырақ оқи аласыздар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024