Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күнінде 8 682 тыйым салынған құрал табылды. Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлайды.
"Оның ішінде: 4 402 ұялы телефон, 4 036 шпаргалка, 153 калькулятор, 5 фотоаппарат, 3 рация, 3 гаджет, блютуз, 28 Altel 4G, 43 модем, 5 құлаққап, 3 смарт-сағат тәркіленген. Межелі 50 баллды 2 895 түлек (15,9 пайыз) жинай алмады", - дейді мекемедегілер. Тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтына www.testcenter.kz. орналастырылады.3 маусым күні ҰБТ 59 бөлімшеде өткізілді. Тестілеуге жалпы саны 18 177 түлек қатысты. Орташа балл - 80,5. 100 баллдан жоғары алғандар барлық түлектердің 17,7 пайызын (3 211) құрайды. Максимум 125 баллды Риана Мұстафина алды. Ол Астана қаласындағы № 59 мектеп-лицейінің түлегі. 7 түлектің тест нәтижелері жойылды.
Тестілеу басталған екі күнде мүмкін болған 125 баллды екі оқушы алған.
Екі күннің нәтижесінде аудиториядағы тәртіпті бұзып және тыйым салынған құралдарды пайдаланғаны үшін тестілеуден 33 түлек шығарып жіберілді. Өзінің орнына басқа адам кіргізгендер саны - 19. Ұялы телефонмен ұсталғандар - 8, емтихан сұрақтарын уақытылы беруден бас тартқандар - 1, емтихан материалдарын бүлдіріп алғандар - 1, рацияны қолданғандар - 1.
2014-2015 жылғы ҰБТ-ның алғашқы күнінің нәтижелерін мына жерден оқи аласыз.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024