Экономика
БТА банк, Темір банк және ABC Bank депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылды
Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізімінен үш банк - БТА Банк, Темiрбанк және ABC Bank шығарылды деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) баспасөз қызметі.
"БТА Банк" АҚ активтері мен міндеттемелерін "Қазкоммерцбанк" АҚ пайдасына бір мезгілде табыстау бойынша ірі шарт жасасу және лицензиясын ерікті түрде қайтару себебінен "БТА Банк" АҚ 2015 жылдың 23 маусымынан бастап депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылады. "БТА Банк" АҚ-ның банктік және өзге де операциялар, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында қызмет жүргізу лицензиясы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бұйрығының негізінде тоқтатылды. "БТА Банк" АҚ активтерінің бөлігі, сонымен қатар ағымдағы шоттар және салымдардың иеленушілері (депозиторлар) мен борышкерлер алдындағы міндеттемелері "Қазкоммерцбанк" АҚ-ға табысталады. "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның клиенттер алдындағы аталған міндеттемелері толық көлемде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 30 маусымнан бастап "ForteBank" АҚ-ға қосылу жолымен ерікті түрде қайта ұйымдастыру себебінен "ABC Bank" АҚ және "Темiрбанк" АҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылды. Осы банктерде орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша барлық міндеттемелер "ForteBank" АҚ-ға көшеді. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 34 банк қатысады, соның ішінде "Қазкоммерцбанк" пен "ForteBank" бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024