"Қазкоммерцбанк" АҚ-ның еншілес ұйымы "Қазкоммерц-Полис" Сақтандыру компаниясы" АҚ өзінің құрамына "БТА Банктің еншілес компаниясы "БТА Сақтандыру" АҚ-ның қосылуы арқылы қайта ұйымдастырылуы туралы хабарлады.
2015 жылдың 30 маусымында табыстау актіне қол қойылды, бұл акт "Қазкоммерц-Полистің" "БТА Сақтандырудың" барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтарға ие болғандығы туралы ережелерді қамтиды деп хабарлады жұма күні "Қазкоммерц-Полис" баспасөз қызметі. Қайта ұйымдастыру туралы шешім 2014 жылдың 18 желтоқсанында екі компания акционерлерінің бірлескен отырысында қабылданды. 2015 жылдың 17 маусымында Ұлттық банк компаниялардың ерікті қайта ұйымдастырылуына өз рұқсатын берді. "Бірігу сақтандыру жүйесіне де, екі компанияның клиенттері үшін де ұзақ мерзімді жағымды ықпалға ие болады. Бірігу нәтижесінде Қазақстандағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірі құрылады", - деп келтірілген хабарламада "Қазкоммерц-Полис" басқарма төрағасы Сергей Мокроусовтың сөзі. "Қазкоммерц-Полис" СК" АҚ сақтандырудың 24 класына арналған лицензияларға ие. Компания сыйақы мен активтердің көлемі бойынша сақтандыру нарығындағы үздік он компанияның қатарында.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024