Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz - Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Ғимаратты салып жатқан құрылыс компаниясының өкілдері «H» және «P» блоктары наурызда, «Z», «O» және «Y» блоктары маусымда пайдалануға берілетінін, ал «R» блогының құрылысы 2019 жылдың маусымында аяқталатынын мәлімдеді.
2018 жылы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша нысанда атқарылған жалпы жұмыс көлемі 82%-ды құрайды. Барлық блоктың құрылысы жалғасып жатыр. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда «Әбу-Даби Плаза» КФК жобасы бойынша 1400 жұмыскер еңбек етеді. Олардың 56% – Қазақстан азаматтары. Айта кету керек, 2019 жылдың шілдесіне дейін мұндағы жұмыскерлердің саны 2350 адамға дейін арттырылатын болады. Жергілікті жұмыскерлердің санын 3,4 есеге немесе 1605 адамға арттыру жоспарланған. Ал шетелдік жұмыс күші 3,6 есеге немесе 745 адамға ұлғаяды. Шілдеде жұмыскерлердің саны 3300 адамды құрайды. Олардың 60-65% – жергілікті кадрлар. «Біз басқарушы компаниямен бірлесіп, қазірдің өзінде, яғни бір жыл бұрын ғимаратқа қызмет көрсететін мамандарды даярлау жұмыстарын бастауымыз керек. Біз мамандарды қазақстандықтардан алдын ала дайындай алуымыз қажет», - деді Бақыт Сұлтанов. Кездесу барысында белгілі болғандай, бүгінгі таңда жұмыскерлерге жалақы төлеу бойынша проблема жоқ. «Әбу-Дабу Плаза» кешенінің құрылысы 2011 жылдың наурызында басталған. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады. Кешен Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болады. Оның биіктігі 78 қабатты немесе шамамен 382 метрді құрайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024