Қазақстанда жеке тұлғалардың банк операцияларын қадағалайтын норма күшіне енді, бұл талап банк операциялары арқылы жеке тұлғада кәсіпкерлік табыс бар-жоғын анықтайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Салық қызметкерлерінің мәліметінше, егер бір жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың ішінде 100 және одан да көп адамнан кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шоты арқылы ақша алатын болса, онда мұндай операциялар бизнесті енгізуден түсетін табыс саналады.
Екінші деңгейдегі банктер қолда бар санаттарды толықтыра отырып, жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша мәліметтерді кезең-кезеңімен мемлекеттік кіріс органдарына беретін болады:
- бірінші кезең (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) – мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша;
- екінші кезең (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) – бюджет саласының қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары бойынша;
- үшінші кезең (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін) – заңды тұлғалардың, ЖК басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары бойынша;
- төртінші кезең (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап) – халықтың қалған санаттары бойынша.
Бұл ретте 2023 жылы екінші деңгейлі банктер бірінші кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтер бере бастайды.
Сондай-ақ, салық қызметкерлері бұл шара жеке тұлғалар мен салықты адал төлеушілердің жеке аударымдарына әсер етпейді деп ескертті.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024