Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бүкіл әлемде болат балқыту өндірісі 1%-ке өсті

Бүкіл әлемде болат балқыту өндірісі 1%-ке өсті

Алматы. 27ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтарында әлемде болат балқыту көлемі 146,705 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың қаңтар айының көрсеткішінен 1%-ке асып түсті, - деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша бірінші ондыққа Қытай (75,013 млн тонна, +4,3%), Үндістан (9,180 млн тонна, -1,9%), Жапония (8,141 млн тонна, -9,8%), АҚШ (7,647 млн тонна, +11%), Оңтүстік Корея (6,211 млн тонна, -1,5%), Ресей Федерациясы (5,790 млн тонна, -4,5%), Германия (3,410 млн тонна, -7,2%), Бразилия (2,933 млн тонна, +2,3%), Түркия (2,565 млн тонна, -19,5%) және Иран (2,230 млн тонна, -2,6%).

Одан әрі Тайвань (2,010 млн тонна, +10,4%), Италия (1,959 млн тонна, -3,6%) және Украина (1,850 млн тонна, -4,9%).

Әлемдегі болат балқыту көлемі 2018 жылы 1 млрд 789,612 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке артық.

Похожие материалы