Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Туристік Travel.ru сервисі ТМД мемлекеттерінің ішіндегі туристер үшін ең курортты бағыттарды анықтады. Курорттар рейтингі 2016 жылдың жазына алдын-ала брондалған қонақүйлер мен апартаменттер санына байланысты таңдалды.
Travel.ru мәліметінше, ТМД елдеріндегі курортта 3 адамдық отбасы тәулігіне 19 мың теңге жұмсайды. ТМД елдеріндегі туристер үшін танымал курорттар:
1. Ыстықкөл, Қырғызстан.
2. Бурабай, Қазақстан.
3. Нарочь, Беларусь.
4. Каспий теңізі, Баку, Әзербайжан.
5. Севан, Армения.
"Үлкен 5 өзеннен құралған Бурабай курорты Астананың солтүстігінен 2 сағаттық жерде орналасқан. Оңтүстік Орал мен Шығыс Сібірден келетін ресейлік туристерді бұл жердегі емдік сулар мен таза ауасы, шығыстық мәзір, сансыз санаторийлер мен турбазалар қызықтырады. Бурабайдағы ең ірі қала - Шучинск", -делінген Travel.ru хабарламасындағы мәтінде.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024