Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бұрын «Самұрық-Қазынаның» қаражаты шетелге кетсе, енді ол отандық бинеске жұмыс істеп тұр – Пірметов

Бұрын «Самұрық-Қазынаның» қаражаты шетелге кетсе, енді ол отандық бинеске жұмыс істеп тұр – Пірметов

Нұр-Сұлтан. 14 мамыр. 7kun.kz - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компаниясы қазіргі дағдарыс жағдайында ел экономикасын қалпына келтіру жөніндегі қор тарапынан жасалып жатқан шаралар туралы баяндады.

Онлайн-брифингке қатысқан басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметовтің айтуынша, қор отандық кәсіпкерлерді қолдап, сатып алулар жүйесін жақсартуға бағытталған шаралардың арқасында экономиканың дамуына жаңаша серпін берген.

 «Сатып алулар жүйесі қазіргі таңда қорға қарасты компаниялардың операциялық қызметіндегі негізгі элемент қана емес, Президент атап өткендей, қазіргі қиын жағдайда экономикалық белсенділікті қалпына келтірудің құралы ретінде қаралып отыр», - деді онлайн-брифингте Әлішер Пірметов.

Осылайша, Пірметов атап өткендей, «Самұрық-Қазына» қоры сатып алулар тетігін жетілдіріп, ол жүйенің ашықтығын ғана қамтып қоймай, ең алдымен, экономиканың маңызды секторларын қолдау бағытындағы шаралар пакетін әзірлеген.

 «Ондай шаралардың бірі 2018 жылдан бері Қордың бастамасымен қолға алынған импортты алмастыру жөніндегі бағдарлама. Бағдарлама бірнеше сатыдан тұрады және ең бастысы бұрын Қазақстанда болмаған бірегей өндіріс орындарын құруға бағытталған», - деді ол қордың «оффтэйк-келісімшарттар» бағдардамасының мән-жайына тоқтала отырып.

Айта кетейік, «оффтэйк-келісімшарт» дегеніміз – отандық кәсіпкерлердің тауарын сатып алу үшін  Қордың компаниялары импорт алмастырушы өнімдерді сатып алуға кепілдік береді деген сөз.

«Ең бірінші сатыда, біздің компанияларда сұранысы бар, бірақ, біздің елімізде өндірімлейтін тауарлардың тізімін жасадық. Бұл тізімде қазір 1200 тауар түрі бар, ұзақ мерзімді сатып алулар көлемі 200 млрд теңгеден асады. Біздің комиссия қарайтын жобалар мақұлданғаннан кейін офттэйк-келісімшарттар жасау үшін біздің еншілес компаниялардың қарауына жіберіледі. Қазіргі таңда, осы жоба аясында 71 компаниядан 110 жоба қаралуға келді. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін тартылатын инвестция көлемі 218 млрд теңгені құрайды. Және осы жобаларды жүзеге асыру арқылы 2000 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», - деп мәлім етті Пірметов.

 Осы жобалардың арасынан 37 жоба мақұлданудан өткен. «35 жоба бойынша іс жүзінде келісімшарт жасалды. Қол қойылған жобалардың көлемі 22 млрд теңгені құрайды, оның ішінде құны 13,5 млрд теңге болатын 5 жоба биыл жасалды. Жалпы, бұл жұмысты біз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық қауымдастықтармен бірге атқарамыз», - деп хабарлады басқарма төрағасының орынбасары.

Оффтэйк-келісімшарттардың нәтижесі ретінде ол бір мысал келтіре отырып, жыл сайын Қор трансформаторлар сатып алу үшін 6 млрд теңгені Ресейге немесе Қытайға жіберіп келгенін айтты. Ал, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазір бұл өндіріс Қазақстанда іске қосылған.

«Менің хабарлағым келіп отырған маңызды мәселенің бірі – оффтейк-келісімшарттар кепілдік ретінде қабылданатын болды. Яғни, біз екінші деңгейлі банктердің оффтейк келісімшарттарды кепілдік ретінде қабылдауына қол жеткіздік. Яғни, бизнес үшін тағы да қосымша жағдай жасалып отыр», - деп хабарлаған ол Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығымен оффтейк келісімшарттардың типтік формасы әзірленгенін атап өтті.

Жалпы, брифинг барысында Әлішер Пірметов Қор тарапынан жасалып жатқан өзге де анти-дағдарыстық шараларға тоқталды. Мәселен, «Самұрық-Қазына» қоры сатып алулар мерзімі мен сатып алуға қатысатын құжаттар тізімін азайтқан. «Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін біз төтенше жағдайға байланысты келісімшарттарының міндетін орындай алмаған компанияларға айыппұл салмаймыз және оларды сенімсіз жеткізушілер тізіміне енгізбейміз», - деп хабарлады Пірімбетов.
Бұдан өзге, «Самұрық-Қазына» қоры  осындай дағдарыс жағдайында бизнес те мемлекетке қарай қадам жасайтын кез келді деп санайды. Яғни, «Самұрық-Қазынадан» тапсырыс алған бизнес келісімшарттағы міндетті орындап қана қоймай, жұмыс орындарын сақтауға ұмтылуы керек.  Пірметов атап өткендей, жауапкершілікті арттыру мақсатында бірінші басшының барлық орынбасарларына сатып алуларда қазақстандық үлесті қамтамасыз ету керек деген  KPI талабы қойылған. Оның айтуынша, 2020 жылы Қордың компаниялар тобы орындайтын сатып алу жосрпары 2,8 трлн теңгені құраған. Қазіргі кезде оның 2,2 трлн теңгесі немесе сатып алудың 78 пайызы орындалған.

«Осы және өзге де шараларды қорыта айтсам, «Самұрық-Қазына» қоры Елбасы мен Президенттің  экономиканы қалпына келтіру туралы тапмырмаларын орындауға білек сыбана кірісті. Біздің осы тетіктеріміз арқылы еліміз бойынша көптеген өндірістер пайда болып, сол арқылы алдағы жылдарға нақты тапсырыстар қалыптасады.

Екіншіден, осындай шаралардың арқасында «Самұрық-Қазынаға» қарасты компаниялар жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік алады. Бұл өте маңызды.

Үшіншіден, биылдың өзінде ғана сатып алулар көлемі 3 трлн теңгеге жуық. Енді осы сатып алуларға қатысатын адал және еңбекқор жеткіушілерді күтеміз. Біз бұдан былай да бизнес-қауымдастықпен бірлесе, жемісті жұмыс істеуге дайынбыз», - деді брифинг соңында Әлішер Пірметов.

Похожие материалы