Астана. 7 қараша. 7kun.kz – Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты іс сотқа жолданды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазіргі уақытта бұрынғы қорғаныс министрі Бектановты айыптау туралы қылмыстық іс сотта қаралып жатыр», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еске салайық, 9 қаңтарда Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Президент экс-министр қаңтар оқиғасы кезінде командирлік қабілетін көрсете алмағанын айтқан еді.
Ал 20 ақпанда Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бас прокуратура оған қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы «Биліктің әрекетсіздігі» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024