Bybit криптобиржасы "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) реттеушісі – Қаржы қызметтерін реттеу комитетінен (AFSA) ресми рұқсат алды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұл рұқсат Bybit-ке цифрлық активтермен сауда жасау үшін платформа ретінде жұмыс істеуге және оларды сақтау қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Бұл арқылы Bybit бизнес аумағын ТМД нарығында ұлғайтуға мүмкіндік алды.
"Біз бүкіл әлем бойынша қаржылық реттеушілермен тығыз жұмыс істейміз. Нарық қатысушылары ретінде біз нақты ұсыныстарды ұстануға ниеттіміз және біз белгіленген ережелер шеңберінде жұмыс істейтін боламыз", - деді Bybit негізін қалаушысы және басшысы Бен Чжоу Astana Finance Days 2023-те.
Айта кетейік, Қазақстанда бірнеше танымал криптобиржа ресми рұқсат алған. Мысалы, өткен жылдың 15 тамызында мұндай рұқсат Binance-ке берілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024