Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz - Бүгін Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 8 айда атқарылған іске қорытынды жасады. Бұл туралы ол үкіметтің селекторлық отырысында хабарлады.
Жалпы, 2017 жылға мемлекеттік шығыстарға 11 трлн 176 млрд теңге бөлінген болатын. Министр бұл сомманың 114,8 млрд теңгесі тиісті жеріне жұмсалмай жатқанын айтады.
Берген ақшаны тиімді жарата алмаған ведомстволар тізімінде тағы - Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Ішкі істер, Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тұр. Бақыт Сұлтанов жекешелендіру активтері бойынша да қорытындыны таныстырды. 8 айда 94 нысан сатылып, бюджетке 18 млрд теңге түсіпті. Енді жыл соңына дейін 282 объект жеке қолға өткізілуі тиіс.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024