Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ-ның экс-басшысы Руслан Ерденаевтың қамау мерзімі ұзартылды

БЖЗҚ-ның экс-басшысы Руслан Ерденаевтың қамау мерзімі ұзартылды

Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - Сот БЖЗҚ ісі бойынша төрт фигуранттың қамау мерзімін ұзартты.

"БЖЗҚ" АҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевқа, "БЖЗҚ" АҚ қаржылық қатерлер басқармасының басшысы Мұса Бахтов, "АлатауМұнайАлтын" АҚ бақылау кеңесінің төрағасы, сондай-ақ,  "Бузгул Аурум" ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевқа, "Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағаринға қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы 28 сәуірге дейін ұзартылды", - деді Алматы қалалық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов.

Тергеу кезінде істегі төрт фигурант тергеу изоляторында болады. Еске сала кетейік, биыл 7 қаңтарда  Руслан Ерденаевтың қамауға алынғаны жайлы хабарлаған едік. Ол бірнеше миллиард теңге жаратты деген күдікпен ұсталған еді.

Ал 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған.

Похожие материалы