Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ салымшылары үнемі табыс тауып отыр - Ақышев

БЖЗҚ салымшылары үнемі табыс тауып отыр - Ақышев

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz — Ұлттық банк БЖЗҚ активтерінің шетелдік валютадағы үлесін 30 пайызға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қаржы реттеушінің төрағасы Данияр Ақышев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазір БЖЗҚ активтерінің 23%-ы шетелдік валютада жинақталған. Біз БЖЗҚ портфелін бір ғана валютада сақтамау үшін, оны әртараптандыру мақсатында бұл үлесті үлкейтуді қолға алдық және шетелдік активтердің үлесін 30 пайызға жеткізгенге дейін осы жұмысты жалғастыру жоспарда бар», - деді Данияр Талғатұлы.

Ол валюта курсының өзгеріп отыруы табыстылыққа тікелей әсер ететінін айтты. «Мысалы, желтоқсандағы жағдай секілді теңгенің нығаюы инвестициялық табыстың түсімін азайтады.  Теңгедегі активтердің табысы – 10%, өзге валютадағы активтердің табысы – 6%», - деді ол.

Ұлттық банк басшысының айтуынша табыстылықты ұзақ мерзімді қамти отырып бағалау керек. «Мен валюталық динамиканы күн сайын қадағалап отырудан пайда жоқ, керісінше, ұзақ кезеңді қадағалау керек деп есептеймін. Әрине, валюта күнде әртүрлі құбылады, бір күні тым төмендесе, екінші күні жоғары болады.  Бірақ екі күнді қосқанда қорытындысы қалыпты жағдайда қалады. Сол үшін де біз 2016 жылы БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 531 млрд теңге болды деп айтып отырмыз», - деді ол.

Ақышев қазіргі таңда зейнетақы активтері тек инвестициялық табыстың әсерінен 60 пайызға өскенін айтып өтті. Ол сөзін БЖЗҚ салымшылары үнемі табыс тауып отыр деп қорытындылады.

Похожие материалы