Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Проблемалық эмитенттерге қатысты талап-арыз жұмысының нәтижесінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2018 жылы 14,9 млрд теңге қайтарды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Қорда 2018 жылғы зейнетақы және меншікті активтер бойынша БЖЗҚ-ның қаржылық есептілігінің сыртқы аудиті аяқталғанын атап өтті.
«Тәуелсіз аудитордың қорытындысы бойынша («Делойт» ЖШС) қаржылық есептілік Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сәйкес 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қордың қаржылық ахуалын, сондай-ақ қаржылық нәтижелерін және осы күнге қарай ақша құралдарының бір жыл ішіндегі қозғалысын барлық тұрғыда шынайы көрсетеді», - деп мәлімдеді БЖЗҚ-да.
Сонымен қатар, тәуелсіз «DIC» компаниясының 2019 жылдың І тоқсанында тұрғындардың қаржылық сауаттылығы және зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты сенім деңгейін анықтау мақсатында дайындаған әлеуметтік зерттеуі қорытындысына сәйкес, Бірыңғай зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сенім деңгейі бір жыл ішінде 10 баллдан 5,7-ден 6,4-ке дейін өсті.
«Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сенім деңгейі бір жыл ішінде 10 балдан 5,9-дан 6,3-ке дейін өсті. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық білімі бар халықтың үлесі 60,2%-ды, 2017 жылғы желтоқсанда 58,2%-ды құрады. Біз БЖЗҚ-ға сенімділікті одан әрі нығайту және Қазақстан халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын арттыру бойынша стратегиялық міндеттерді іске асыруды жалғастырамыз»,- делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024