Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Қаңтардың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 14,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бастап 224 млрд теңгеге немесе 1,5%-ға ұлғайып, қаңтар айының соңында 14,8 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі 66,2 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 156,1 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 21 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы – 11,4 млрд теңге болды», - деді Ұлттық банк өкілі.
Оның айтуынша, зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі шоғырландырылған сәттен бастап 116,9%-ды құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024