БЖЗҚ: Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі жарналардың түсімінен асып түсті
Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңесте қор өкілдері 2018 жылғы жұмыстың алдын-ала қорытындысын жариялады.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ шоттарындағы зейнетақы жинақтары 9,3 трлн теңгені құрады.
«Жыл ішіндегі өсім - 21%, жалпы алғанда 1,5 трлн теңге. Негізгі өсім 848,6 млрд теңге көлеміндегі зейнетақы жарналары мен 917,2 млрд теңге көлеміндегі салымшылардың шоттарына бөлінген таза инвестициялық кіріс есебінен қалыптасты», - деп түсіндірді «БЖЗҚ» АҚ Стратегиялық даму және актуарлық есептеулер департаменті директоры Камиля Фазылова.
2018 жылмен салыстырғанда жарналар сомасы 12%-ке, таза инвестициялық табыс сомасы 67%-ке артты.
«Бұл үлкен табыс. Тарихта тұңғыш рет кірістер жарналардан түскен табыс мөлшерінен асып түсті. Біздің жинақтарымыздың кірістілігін сипаттайтын шартты зейнетақы бірлігінің құны 11,3%-ке өсті. Инфляция 5,3%-ті құрады», - деді Қор өкілі.
Бұған дейін Ұлттық банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ инвестицияларының Қазақстан экономикасына шоғырлануы төмендегенін хабарлады. Нәтижесінде, шетелдік активтердің үлесі 6,5%-тен 22%-ке дейін 3 есеге өсті.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024