CберБанк Қазақстан клиенттері барлық сервистер мен қызметтерге толық көлемде қол жеткізе алады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Клиенттер (жеке және заңды тұлғалар) қаражаттары мен сервистерге бұрынғыдай толық көлемде қол жеткізе алады. Сондай-ақ клиенттер теңгеде және шетел валютасында есеп жүргізіп, ақша аударымдарын жасай алады.
Бүгінде жеке тұлғалар үшін шоттардан ақша алу, толықтыру, тауарлар мен қызмет ақысын төлеу, ұлттық және шетел валютасында ақша аудару, валюта айырбастау операциялары қолжетімді. VISA және MasterCard-ты қосқанда, барлық төлем жүйелерінің пластикалық карталары бойынша жасалатын операциялар әдеттегідей жүргізіледі.
Клиенттер СберБанк қызметін бөлімшелерде, сондай-ақ Sber KZ және СберБизнес мобильді қосымшаларында онлайн түрде және басқа да қызмет көрсету каналдары арқылы ала алады.
Естеріңізге салсақ, «Сбербанк» АҚ ЕБ депозиттерді міндетті түрде кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Салымшылардың жинақ ақшасын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырады. Депозиттер, ағымдағы шоттардағы және төлем карталарындағы ақша кепілдендірілуі тиіс.
Сонымен қатар өтінімі мақұлданған клиенттер несие ала алады.
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024