Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – Цеснабанк қор нарығында акцияларының жартысын сатуды жоспарлап отыр.
Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта банктің директорлар кеңесі акционерлердің артықшылықтық құқығын сатып алуды іске асыруды есепке ала отырып 17,65 млн қарапайым акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдағаны жазылған.
Акцияның бағасы - 2 мың теңге, ал жалпы сомасы - 35,3 млрд теңге.
Сонымен қатар бүгін ІІМ ҚР Қылмысытық кодексінің 274-бабы бойынша әлеуметтік желіде Цеснабанктің қаржылық жағдайы нашарлап кетті деген жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды. Бұл мәлімдемені қаржы институты беріп отыр.
Похожие материалы
Финансы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Финансы
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





